spot_imgspot_img

Целиноград ауданында жол құрылысына бөлінген 1 млрд тенгеден астам қаражат ұрланды

Date:

Ақмола облысының арнайы прокурорларымен мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен Ақмола облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары лауазымында бұрын істеген тұлға ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен ол күзетпен ұстауға алынды.

Оған жол салуға арналған бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқыру фактісіне қатысы бар деп күдік қойылып отыр.     Атап айтқанда, нақты жұмыстарды орындамай ол бюджеттен 1 млрд. 244млн. тенге төленген.

Осы факт бойынша ҚК 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен (аса ірі көлемде жысқыру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Осындай қылмыс жасаған үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.