Бурабай ауданының Щучинск қаласында 25-қазан Республика күні аталып өтілді. Орталық алаңға жиналған бурабайлықтар Көк байрағымызды желбіретіп «Атамекен» әнін орындады. Мерекелік шараға жиналғандарды Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев Республика күнімен құттықтады.
Бурабайда алғашқы қар жауып, ызғар сезіліп тұрса да, Отанының даму жолында қызмет атқарып жатқан отаншыл жастар үшін, табиғаттың мінезі әсер етпеді.
Жалғыз аудан орталығы ғана емес, Бурабай ауданына қарасты ауылдық елді-мекендердің тұрғындары да Әнұранды орындап, бір-бірін республика күнімен құттықтады.
Мереке құтты болсын Қазақ елі!