Щучинск қаласындағы соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіште тасқа қашап жазылған Қазақтай қаһарман халықтың түбі бір түркі жұртына ортақ батыр ұлы Бауыржан Момышұлының патриоттық, ұран сөздері түсіп қалыпты. Ескерткіштің жартылай қирап тұрғанына біраз уақыт болды. Алайда аудан әкімдігі сол ескерткіштегі көзге түрпідей тиетін кемшіліктерді жоюдың орнына басқыншылық соғыстың символына айналған ауған соғысының ардагерлеріне арнап, қолына автомат ұстаған өзге ұлттың сарбазына ескерткіш орнатыпты.
Бурабай ауданында мемлекеттік тілдің қадірі жоқ!
Идеялогиялық тұрғыдан артта қалған ауданның бірі — Бурабай ауданы.
✓Мемлекеттік тілде ресми жиналыстар өткен емес. Бұл ауданда —қазақтың құқы ең төменгі сатыда.
✓ ІІ дүниежүзіліс соғысқа жалғыз бір ғана ұлт қатыспаған шығар?
✓ Менің атам да қатысты. Бәріміздің аталарымыз қатысып қызыл тобықтан саз кешті.
✓Мына ескерткіш сол қаһарман аталарға қойылған —ескерткіш.
✓Бірақ «мемлекеттік тілде» жазылған сөзді емге таба алмайсыз. Осы күйінде тұрғандығына екі жылдан асып кетті.
Бірақ әзірге «ешкім бұған» көңіл бөліп отырған жоқ. Себебі, қазақ тілі-біздің аудан үшін соңғы сатыда.
Қайда кірсеңіз де, мемлекеттік тілде «екі ауыз сөзді» тәпсірлеп айтатын адамды таппайсыз.
Айтпақшы осыны жөндеуге қанша қаражат кетті!?
Кім жауапты бұған? Мәдениет және Тілдерді дамыту деген дүрдей бөлім бар.
Олардың сөзі «замәкімге» өтпей ме?
Қала әкіміне бұл керегі жоқ. Бұны қойып қаланың ішін реттей алмай, Алексей Каримов басқаратын «Тираж» -ға шығып есеп беруден қолы тимейді.
АЭС салмас бұрын идеялогияны түзеп алсақ.
Бұны жазып отырғаным өткенде екі оқушы бала айтты, сірә ауылдан келген білем «мына жерде қазақша жазу жоқ па?» деп бір-біріне.
Бурабай ауданының басшылары емес-мен төмен қарап күйіндім.
Бурабайдың Жеңісі.