21 C
London
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023

Бурабайлық қарттарға құрмет көрсетілді

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

Щучинск қаласында Қарттар айлығы шеңберінде аға ұрпақты құрметтеуге арналған салтанатты шара өтті. Оған еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері, аудандық ардагерлер ұйымдарының өкілдері мен әлеуметтік сала қызметшілері қатысты.

Жиналғандарды аудан әкімінің орынбасары Анар Күзембаева құттықтап, алғыс білдірді.

«Биылғы жыл бәріміз үшін айтулы жыл. Бүкіл ел болып, Республика күнін атап өттік.  Осы кезеңге дейін Қазақстан елеулі табыстарға қол жеткізді және бүкіл әлемге танымал болды. Бүгінгі күні Сіздердің әрқайсыңыз тиісті зейнет демалысында болсаңыздар қоғамның, ауданның, облыстың және еліміздің дамуына үлесіп қосып жүрсіздер. Мереке күндері болсын, басқа да іс-шараларда да,  біз бурабайлық әрбір қазыналы қариямызды назардан тыс қалдырмаймыз, олардың мұң-мұқтажын назарға алып отырамыз», – деді Анар Күзембаева.

Сонымен бірге, шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген әлеуметтік сала қызметшілері мен еңбек ардагерлері Бурабай ауданы әкімінің және аудандық мәслихаттың Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

- Advertisement -spot_imgspot_img
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Серібайұлы Оспанов бұрынғы Фрунзе, қазіргі Абылай-хан ауылында қарапайым отбасында 1984 жылы 9 мамыр күні дүниеге келген. Орта мектепті тәмәмдап он тоғыз жасынан бастап "Бурабай" аудандық қоғамдық-саяси газетінде тілші болып қызметін бастаған. Қазіргі таңда "Бурабай" газетінің редакторы. Әңгімелері әр басылымдарда жарық көріп келе жатыр. Ақмола облысы әкімінің "Алғыс хаты" және әр түрлі байқауларда проза жанры бойынша жүлде алған. Өзекті тақырыптарда мәселе көтеріп жазып жүр. Көбіне тарих, ауылдағы ескі әңгімелерді жинақтап басылым беттеріне жариялайды.
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here