-8.7 C
Kokshetau
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

Бурабай аудандық орталық кітапханасында «Covorking» орталығы ашылды

МәдениетБурабай аудандық орталық кітапханасында «Covorking» орталығы ашылды

Тәуелсіздік мерекесі күніне орайластырылған орталықтың ашылуы салтанатына аудан әкімі Әсет Мұздыбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен бірге, шараға Щучинск қаласының әкімі О.Нұрмағамбетов, Бурабай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Д.Карсыбаева, «Аманат» партиясының ауданды филиалының атқарушы хатшысы А.Сейтказина, жергілікті колледж студенттері, «Айтарым бар» клубының мүшелері қатысты.

Коворкинг орталығы кең жарық бөлмеде орналасқан. Қазіргі таңда кітапханадағы коворкинг орталығын коммуникативтік алаң деп айтуға болады. Бұл жерде достарыңызбен бос уақытты бірге өткізіп, көптеген қызықты іс-шараларға: акциялар, мерекелер, шығармашылық кездесулер, шеберлік кластар, зияткерлік ойындарға және т.б. шараларға қатыса аласыз. Сондай-ақ кітапхананың электрондық ресурстарын пайдалану мүмкіндігіңіз бар. Кез келген цифрлық форматтағы интеллектуалды контентті қолжетімді пайдалануға болады. (кітаптар, мерзімді басылымдар, аудио, бейне, ойындар және т.б.);

Коворкинг орталығында 9 бұрыш жұмыс істейді:

1.Интернет-жұмыс орнының бұрышы интернетке шығатын ноутбуктермен, Wi-fi аймағынан тұрады.

  1. «Ұлы ұстаз-Ахмет Байтұрсынұлы» бұрышында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған шығармалар жинағы, ғылыми еңбектері, Ахметтану кітаптары орналасқан.
  2. «Айтарым бар» жастар клубының бұрышы
  3. «Автор және оқырман» жобасы бұрышында Ақмола облысының ақын – жазушыларының кітапттары орналасқан.
  4. «Жастар не оқиды?» бұрышында Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағы, «Жас толқын» сериясы кітаптары топтастырылған.
  5. «REАD» оқу бұрышы, онда сіз өзекті мәселелерден алшақтай аласыз, қызықты кітапты немесе журналды қазақ орыс және ағылшын тілдерінде оқи аласыз.

7.Оқу бұрышы-оқуға, гаджет немесе теледидар көруге болады.

  1. Шахмат бұрышы – «шахмат» үстел ойындарын ойнауға, есте сақтау қабілетін, байқағыштық пен логикалық ойлауды дамытуға болады
  2. «Тоғызқұмалақ» бұрышы, онда сіз логика мен тапқырлық ойынын ойнай аласыз;

Барлық қала тұрғындарын Коворкинг орталығына шақырамыз.

 

Сондай-ақ, оқыңыз...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Ұқсас мақалалар

Тегтер бойынша оқыңыз:

Көп оқылған мақалалар