Біржан сал ауданы Республика күніне байланысты мерекелік іс-шараны ерекше атап өтті.
Аудан әкімі Д.Есжанов, біржансалдықтарды республика күнімен құттықтап, еңбек сіңіріп жүрген бір топ адамдарды марапаттады. Аудан басшысы отбастарына амандық, денсаулық тіледі.
Атақты Біржан атамыздың атымен аталатын бұл аудан қазіргі таңда өсіп-өркендеуде, экономикасы да өсіп келеді.
Мереке құтты болсын!