More

    Біржан сал ауданынан ресми ақпарат күтеміз!..

    Сондай-ақ...оқыңыз

    Жеңіс Оспанов
    Жеңіс Оспанов
    Жеңіс Серібайұлы Оспанов бұрынғы Фрунзе, қазіргі Абылай-хан ауылында қарапайым отбасында 1984 жылы 9 мамыр күні дүниеге келген. Орта мектепті тәмәмдап он тоғыз жасынан бастап "Бурабай" аудандық қоғамдық-саяси газетінде тілші болып қызметін бастаған. Қазіргі таңда "Бурабай" газетінің редакторы. Әңгімелері әр басылымдарда жарық көріп келе жатыр. Ақмола облысы әкімінің "Алғыс хаты" және әр түрлі байқауларда проза жанры бойынша жүлде алған. Өзекті тақырыптарда мәселе көтеріп жазып жүр. Көбіне тарих, ауылдағы ескі әңгімелерді жинақтап басылым беттеріне жариялайды.

    Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы Ұйымшыл ауылының сатылған мектебі жайлы, аудандық білім бөлімі, аудан әкімі тарапынан ешқандай ресми ақпарат берілген жоқ. Сен тимесең, мен тиме бадырақ көз деп отыр ма, әйтеуір қазіргі таңда жүз жарлының шығысы, бір байдың кірісі дегендей тым-тырыс. Сатылатын мектеп сатылып, аузына құлпы салынып, аукционнан ұтып алғандар ана жақта, мына жақта қыдырып жүр..!

    «Демеп қоймаса тиын, теңгенің жағдайы қиын» демекші, Біржан сал ауданының мектебі мен «Ұйымшыл» ЖШС-нің қожайындары тарапынан да әзірге «әу!» деп үн қатқан ешкім жоқ.

    -Үйіңді өрттеймін, егінімнің маңайына жылқыларын келді!-деп Махаббат Бейісханның үйіне кіріп, ашу шақырған Ләззәт Наушанованың жолдасы Ермектің қоқаң -лоқысы, тепкініп сөйлегені, Махаббат Бейісханның әйелін боқтауы ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстан құрып жатқан елдің заңына мүлдем кереғар түсінік. Біреудің үйіне кіріп, оның әйелін боқтап кету, капиталистік көрініс екендігін аңғарып көруге болады. Біреудің үйіне кіріп, отанасын балаларының көзінше боқтап, балағаттау нағыз қылмыс емес пе?

    Ал Амантай Амринге келетін болсақ, бұл кісінің әңгімесі бөлек. Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып, осы ауылда басқарма, аудандық мәслихатта бір жылдары депутат болған екен. Әзірге Біржан сал ауданының әкімдігі қандасымыздың құқығын таптаған «Ұйымшыл» ЖШС-нің директорының жолдасы Ермекті әкімшілік қаттама толтырып, полиция айналыссын. Бүйте берсе шеттен келетін қандастарымыздың жолын бөгейміз ғой..!

    Құзырлы орындар Ермекке тиісті шара қолдансын. Ермек байлығына, қалтасына сенетін шығар?! Бірақ бізде заң бар ғой. Заң барлығына ортақ.

    Ұйымшыл ауылының мал жаятын жері ғана мәселе емес, шешімін таппаған күрделі мәселелер жеткілікті. Біз айтқан тұлғалардың барлығының құзыретті орындарда қызмет істеп жатқан балаларын да тексеру керек.

    Әйтпесе, жуан жұдырықтарын ала жүгіретін бұлар иықтарында жұлдыздары бар ұлына, сотта істейтін қызына сеніп, дікіңдейді ме екен күдік пайда болды бізде.
    Ресми ақпарат шықпаған жағдайда тиісті орындарға өзіміз жазып, арызданамыз.
    Қандастарымыздың тағдырына бей-жай қарап Біржан сал ауданының әкімі отыра береді ме?..

    Келер аптада нақты ресми ақпарат шықпаған жағдайда Президент аппаратына хат жазып әділдік іздейміз.

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

    - Жарнама -spot_img

    Соңғы мақалалар