Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі, ҚР Парламентінің экс-сенаторы Самат Ескендіровті Ақмола облысының тұрғындары жақсы таниды. Әрине кәсіпкер ретінде, агросаласының біраз бөлігін иемденіп отырған -бизнесмен ретінде. Осы С.Ескендіров басқаратын «Есіл»ЖШС-гі қазіргі таңда,Бурабай ауданына қарасты:Мәдениет, Абылай-хан, Баянбай, Ақылбай, Қарабұлақ, Крупское ауылдарының жерін алып, иелік етіп отыр.
Иелік етіп отыр деп айтамыз, бірақ заң жүзінде аталмыш ауылдардың жері, шарт бойынша Банкте кепілде тұр. Негізгі алгоритмдік иесі-ресейлік Банк. 2021 жылдан бастап көктемгі егіс кезінен аталмыш фирманың өтірігіне әбден тойған, бес ауылдың тұрғындары «Есіл» ЖШС-нен бас тартты. Егін ексе де үлес пайды дұрыс бермейді «отход» береді, оның өзі құс та жемейтін қоқым.
Жұмысшының еңбекақысын толық төлемейді, медкепілдеме, зейнетақы қорына тиісті қаражат аударылмайды (бірақ фирма) еңбекақыны аударғанда ұстап қалады. Өздері қожалық жасап отырған ауылдардың барлық көзге түсетін кеңсе, ғимарат, мал қораларын, қырманды барлығын толыққанды Банкке кепілге қойған.
Жаңа жыл, Наурыз өзеге де атаулы мерекелерге ешқандай көмек қылмайды, инвестор ретінде көмек қолын созбақ түгілі, қыс бойы өздері жерінен пайда көріп, қабырғаларын майлап отырған ауылдардың жолдарын да ашпай, қар астында жататындығын ауыл тұрғындары ашынып айтуда.
Биылғы мамыр айында халықпен он бес жылдан соң кездескен Самат Ескендіров: Тиісті пайларыңызды толық беремін, жерлеріңіз керек болса, қайтарамын деп уәде берген-ді.
Бірақ уәдесі «орта жолда» әдірәм қалды. Одан кейін Саматты көрдім деген адам жоқ. Осы айдың басында абылайхандықтарға пай бергенде, стандарт -6 қаптан берген, бір қап «отход» бонус,-депті-міс.
Мемлекеттен қыруар ауылшаруашылығын дамытамын деп көмек алып отырған Самат мырзаның бұл, құдайдан кейінгі халықты мазақ қылып, ойынға айналдыру ма!? Бұл жағын тағы да білмедік.
Аталмыш фирманың ұнамсыз қылығы жайлы облысты былай қойып, биліктегі басшылар жақсы біліп отыр. Алдағы уақытта елді «ел-сел» қылып есеңгіретіп қойған фирма жайлы түрлі БАҚ-на беріп, Ақордаға Президентке жазып, бес ауылдың жерін арашалап алып қалудың жолын қарастырамыз.
«Есіл»ЖШС-гі жайлы пікіріңізді айтып жазыңыз. Ал біз күн тәртібіне қойып, қарапайым халықтың мәселесін жоғарғыға жеткізіп, ауылды, ауылдағы қауымды аталмыш құрғақ уәде бергіш фирмадан жерді алып ел игілігіне жұмыс істейтін фирмаға берсек дейміз. Бұл жалпы бес ауылдың тұрғындарының талап-тілегі.
Биыл егін бітік шықты. Қырмада ағыл- тегіл жатыр. Бірақ тағы сол 6-7қап отход пен бір қап қоқым бонус дейді.Бізден кететін болған соң тағы сөйткен шығар. Көрші ел Ақылбай ауылы тонналап төгіп алыпты. Жылдағы мазағы осы.Болды енді, күзде жиын-терін біткен соң жерді қайтарам деп еді.Ыңғайланып жатқан шығар.
Есіл фирмасынан шаршадық. Айтатыны өтірік, жоғарғы жақтағы мықтылар ескерсе екен, өтірікпен әбден тойдырды. Мына Самат Ескендіровте мүлдем ұят жоқ адам екен. Халықтың мазақ қылады. Беті бүлк етпейді. Қалай әкім, сенатор болып жүр. Облыс әкімі қолға алса екен.