-8.7 C
Kokshetau
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

Бәрі өзімізден…

Айтайын дегенімБәрі өзімізден...

Орыс тілінен құтыла алмай жатырмыз деп емес-мемлекеттік тілдің қолданыста болмай жатыр деп құдайдың құтты күні зар қыламыз. Осының бәрі өзімізден, сізден, бізден кетіп жатқан «үлкен қателік» қоғамдық көлікке мінсек те,   дүкенге кірсек те  ресми тілді  алға тартып   ала тонымызды алып қалатындай  «ресми тілде» сөйлейміз.

Таксиге тапсырыс берсеңізде ресми тілде. Әңгіме осыдан шығып отыр. Жаңа такси шақырдым. Қырық үш жастағы орыс жігіті келіпті. «Әзизім» деген әнді   тыңдап келе жатыр, бұдан кейін  тағы да қазақша ән! Радио ма деп әдейі сұрадым.

«Жоқ «флешкаға»  салып алып тыңдап жүрмін. Қазақ тілін үйренгім келеді, орыстар бір тіл біледі, қазақ халқы қаншама тіл білесіздер, бақыттысыздар»,-дейді ол.

Ауланың алдына дейін әкеліп тастады. Темекі шегіп ойланып тұрмын «қырсыздығымыз өзімізден» әйтпесе «болар баланың бетін қақпа» деуші ме еді. Болайын деген адамға өзіміздің тіліміздің үйретіп ана тілімізде сөйлесек, бірер ай демейін, бес жылдың ішінде қазақша сөйлегендердің саны артар ма деймін.

Сондай-ақ, оқыңыз...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Ұқсас мақалалар

Тегтер бойынша оқыңыз:

Көп оқылған мақалалар