БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Ресейдің ирандық дрондарды Украинаның бейбіт тұрғындары мен азаматтық инфрақұрылымдарына шабуылдау мақсатында қолданғаны үшін айыптады. Осыған байланысты аталмыш кеңеске мүше елдер тергеу жүргізуге шақырады. Олардың сөзінше, Ресейге Иран аппараттарының берілуі Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзуы мүмкін. Алайда Мәскеу мен Тегеран техниканы жеткізуді жоққа шығарып отыр, деп жазады Euronews
«Көптеген қоғамдық дәлелдер бар, соның ішінде Украинаға қарсы қолданылған осы дрондардың фотосуреттері мен бейнелері. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына қатысты заң бұзушылықтарды тексерулері тиіс. Біз Ресейге немесе басқа елдерге БҰҰ-ға өз міндеттерін орындауға қауіп төндіруге немесе кедергі келтіруге жол бермеуіміз керек», – АҚШ-тың БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары Джеффри де Лаурентис.
Осы ретте, АҚШ өкілдері Ресейдің агрессияны тоқтатуға және келіссөздерге жүгінуге асықпай отырғандығын айтады.