Бұл оқиға 2014 жылы болған оқиға еді. Мақала «Ұлт» порталына жарияланып он мыңға тарта оқырман қараған еді. Біршама пікірлер жазылды. Көбісі біз жаңа заман азаматымыз, салт дәстүр, дін деген, өткен ғасырда қалған. Жаңаша ойлап, өмір сүру керек деген пікірлер жазды. Кейбіреулер әйелдің ролін кемсітіп жіберіпсіз деп сөкті. Сіздерде оқып талдаңыздар. Бұл мақалада жазылған жайлар қәзір қай денгейде көз қарақты оқырман қауым өз денгейіміз, айналамыз қалай өзгерді байқап көрсін деп, қайта жолдап отырмын. Оқыңыздар, саралаңыздар, қортынды жасаңыздар. Мақала қаз қалпында төменде. Тақырыбыда сол қалпында.
-Жуырда бір бизнес форумға қатыстым. Форум соңынан «Бизнеске барар жол. Бизнестегі отбасы ролі» деген лекция оқылды. Лекцияны Москвадан келген белгілі психолог, жазушы А.Некрасов оқыды. Лекция тамаша болды.
А.Некрасов залдағы 200 ден астам адамды бірден өзіне баурап алды десем, артық айтқандық емес. Оның 90 пайызы әйелдер. Тыңдаушыларымыз кілең қазақ, өзге ұлттан 2 қырғыз ғана болды. Жұрт ұйып тыңдады.
Лекция орыс тілінде өте ауқымды, қызықты, тартымды өтті. Анатолийдің айтқан ой, пікір, дәлел дәйектері, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) ның хадисі, құран сөздері, қазақтың салт дәстүрімен ұштасып жатқаны басқаны қайдам, мені өте қызықтырды. Анатолий жасы алпыстан ассада тікесінен тік тұрып 8 сағат тынбай сайрады. Сайрағанда не деді. Сегіз сағатқа созылған лекциядан түйген ойымды, дінімізге, ділімізге, салт дәстүрімізге салыстыра отырып, оқырманға жеткізуді жөн көрдім.
Отбасы және отбасындағы ер адамның дәрежесі.
Анатолий бизнесмендерге арналған лекциясын бірден бизнеске бұрды. Бизнесіңді өркендетем десең отбасың болуы шарт. Отбасы тікелей өзіңе бағыншты болғаны дұрыс. Ермен әйел отау құруы керек. Жанұяа бірлік, берекелі жайлы болсын. Жайсыз үйде бизнес өркендемейді. Жалғыз тапқан табыс құралмайды. Қазақ оны: – Бас екеу болмай мал екеу болмайды – деп, ұлдың құлағына құйып отырған Ынтымақты жанұяа болғанда тапқан табыс шашырамай, ысырапсыз жиналатыны жайлы кеңінен әңгімеледі.
Ақылдасары, бірігіп іс атқаратын жан ашыры жоқ жалқының іс өнбейді. Қазақ:- Жалғыздың аты, жаяаудың шаңы шықпас- деп, бекер айтпаған «Жалғыздық құдайға ғана жарасқан» қанша атақты болсаңда құдайға жетпейсің десе, жалғыз басты адамды «қу бас, қу тізесін құшақтаған» деп, ерсі көрген. Отбасы құру, өмір сүру негіздері жайлы ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) – ның хадис, сүнеттері жеткілікті Мұсылманша неке қасиетті ұғым. Некесіз өмір тұл. Пайғамбар (с.ғ.с) неке жайлы: – «Неке менің сүнетім! Кім менің сүнетімнен бет бұрса,менен бетбұрған болады», «Үйленіңдер, көбейіңдер қияметте мен сендердің көптігіңізбен мақтанамын» деген, өсиет қалдырды. Анатолий әрине бұлай айтқан жоқ. Бірақ, сөздің қысқасы, Анатолий мырзаның оқыған лекциясының негізгі бөлігі ислам қағидасына сүйенген өзіміздің салт дәстүр, әдеп ғұрпымыз. Анатолий қазақилықтан мақұрым, қара орыс біздерге, қазақи салт санамамызды, әдеп ғұрпымызды, орыс тілінде қатырып тұрып түсіндіріп берді. Жанұяның президенті кім болуы керек, деп, ортаға сауал тастады. Кім пайданы көп тапса, білімді, ақылды, алғыр өжет болса, сол президент болады деген, жауаптар залдан жауып кетті. Анатолий турасын айтты. Еш жерде әйел, жанұяның тұтқасы, басы бола алмайды. Отбасында кім еркек сол –президент деді.
Бұны қазақ:- «Алтын басты әйелден, бақыр басты әйел артық» – деп, тарихына таңбалап қойған. Бір екі әйел еркектер жайлы жайсыз сөз айтып еді. Тиып тастады. Күйеуін жамандаған әйел, ешқашан жақсы әйел бола алмайды және болмайды. Өйткені әйелі билеген үйдің шаңырағы шайқалады, ол үйде береке, бақыт тұрмайды. Өркөкірек әйел, ерін басады, ұрсады, ері ерегеседі, егес туады. Егескен үйді шайтан жайлайды. Қазақ мұны: -« Үйде егес, керіс болса, керегі басы сайын пәле тұрады»- демейме. Құранда, хадисте ермен, әйелдің орны айқын жазылған. Оны біз білмейміз. Өйткені, біз оқымаймыз, ден қоймамаймыз. Адасып қалдық.
Құран кәрімнің «Ниса» сүресінің 34 аятында: – « Еркектер; әйелдерді билеуші. Өйткені, Аллаһ, бірін- бірінен артық қылды. Сондай –ақ олар; малдарынан да пайдаландырады. Ал, енді жақсы әйелдер; бой ұсынушылар, Аллаһ қоруға бұйырған көмескі нәрселерді (абройын) қорғаушылар.» – деп айқын жазған. Отбасы, үш бұрыш.Үш бұрыштың бір қабырғасы сөгілсе, құлайды. Қабырғаның сөгілмеуіне еркек жауапты. Ал, әйел басқарып, еркектен озам десе, үш бұрыш қайтседе сөгіліп тынады. Себебі, үш бұрыштың басындағы еркекпен, әйел теңессе, немесе күйеуін жамандаса, әсіресе баласына жамандап, қарсы қойса,әкемен баланың арасында үлкен сызат түседі. Көбіне, әйелдер, күйеуінен баласын артық көреді, көбіне бар жақсылық, сүйспеншілігін баласына арнайды. Күйеуі елеусіз қалады. Елеусіз қалған әкені балада, елемейді. Шешемен сөйлеседі. Сөйте, сөйте еркек шеттетіліп, араздық туып, шаңырақ шайқалады. Қалай жағдайдада, отбасында бірінші адам, үйдің егесі болып, еркек тұруы керек. Ұлың болса отау тігеді. Қызың болса жат жұрттық. Тек, қасыңда құдай қосқан қосағың қалады. Қандай жағдайдай болмасын еріңе бағын, көңілін тауып, риза ет деп, шегелеп айтты. Бұны дініміз, салтымыз не депті. Әйелдің еркекке бой ұсынып, құрметтесе оның барар жері жәннәт екені жайлы Умм Салам: – «Кез келген әйел, күйеуі риза болып өлген болса,ол жәннәтқа кіреді»- деген,пайғабар (с.ғ.с) хадисін бізге жеткізді. Қазақ: – « Құдай қосқан қосағың», « Отыз ұлым болғанша, осырақ шалым болсын» – деп, бекер айтпаған. Оныда қазақтың жәй сөзі санаймыз. Мән, мағынасына үңілмейміз…
А.Некрасов еркекпен салғыласқан әйел, әйел емес деп, айтам деп, әйелдердің дауына қалды. Еркек мінезді, батыр әйелдер барма деп, еді. Біраз, әйел, қол көтерді. Анатолий сендер, онда әйел емессіңдер деп, еді. Бір ханым, қалай деп, дауысыда жуан екен, гүр етті. Солай, сіздің денеңізде, әйел мүшесі болғанымен, жан сезіміңізде нәзіктік жоқ, еркек болып кеткенсіз деп, салды. Ана, әйел, шамдана бастап еді. Мен сөзімді дәлелмен, ғылми тұрғыда айтып тұрмын. Сіздің жан дүниеңіз өзгеріп барады, психологқа барғаныңыз жөн деді. Қалай білдіңіз, немен анықтайсыз деп, еді. Өз даусыңызды өзіңіз естисізбе, даусыңыз елден ерек екен, деп, сөздің тігісін жатқызды. Әйел түсіндіме, жоқпа, қайтып үндемеді. Әйелдің гүжілдеген дауысы, құлақта қалды. Қазақтан сөз қалғанба дейміз, мағынасына үңілмейміз. Бірақ, осы тәмсілдің бәрі Анатолий айтқандай көп жылдық тәжірибе, өнеге, тәлім арқылы қалыптасқаны белгілі. Қазақ: -«Еркек дауысты әйелде ұят жоқ, әйел дауысты еркекте қуат жоқ» – деп, баяғыда анықтамасын беріп қойған. Еркекттің, әйел алдындағы дәрежесі тым жоғары жайында, Абу Хурайра жеткізген пайғарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінде: – « Егер мен, біреудің біреуге сәжде жасауына әмір беруіне мәжбүр болған болсам, онда мен әйелдің күйеуіне сәжде жасауына әмір берген болар едім» дегені, дәлел.
Ал, Анатолий мырзада еркектің дәрежесі, әйелдің еріне бағынуы бұлжымас қағида деп, нақтылап тұрып тарқатты… Айтқаны хадиске сай келіп тұр…
Ананы сыйлау, құрметтеу, аялау, әсіресе, аналық борыш өтеу өте ауыр, бұны әр адам жадынан шығармауын өтінді. Қазақ оны бірақ ауыз сөзбен түйіндеген. Қазақ: -«Анаңды үш рет, мекеге арқалап барсаңда, ақ сүтін ақтай алмайсың» десе, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисі «Жұмақтың кілті ананың табанның астында» -дейді. Бұл ананың қәдірінің, оны ардақтаудың мәні өте зор екенін ұғамыз. Осыған сай амал ету әрбір мұсылманның, әр қазақтың бұлжымас міндеті.
Ата-анаға жақсылық жасау – ұлы, абзал амалдардың бірі, тіпті Аллаһ хақысынан кейін келетіні де, осы ата-ана хақысы. Бұл жайында Аллаһ Тағала Құранда: – «Раббы,Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке –шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал, егер ол екеуіңнің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрлікке жетсе: «Туһ» деме (Кейіс білдірме) Сондай – ақ ол екеуін зекімеде, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле», – дейді, (Исра сүресі,23 аятта)
Ал, біз не қалдеміз. Қазақта болмаған қарттар үйін орнаттық. Қариялар көздері мөлдіреп, төрт қабырғаға телміріп қалды. Бұл хақты танып, жаратушыға бой ұсынбағандық және қазақи салт сана, әдеп ғұрыптан мақұрым қалғандығымыздың айғағы.
Ит қазына, тұрсын бірақ далада…
Ит туралы. Үйде ит ұстау туралы 20 минут әңгімеледі. Мен ойладым, қаракөздер мұны тыңдамай, ыбыр жыбыр болатын шығар деп, өйтсем жоқ, ұйып отыр. Ит асырау көбіне жалғыз басты әйелдерге тән. Олар басында жалғыздықтан ермек үшін, соңынан итті аялайды, еркелетеді, аймалайды. Содан, бар ықыласы, сүйіспеншілігі махаббаты итке ауады. Итіне кездейсоқ біреу тиіссе менің отбасымның мүшесіне тиістіңдеп, реніш дау тудырады. Итті отбасының мүшесіне санайды. Отбасының мүшесіне ит кірсе, ол үй иттің отбасы болып саналмайма. Содан, адамдық қасиетіміз .хайуандық қасиетке кетеді. Мұсылман адамға ит жақындаса, дәреті бұзылады. Ыдыс аяққты ит иіскесе, ол ыдыс аяқ қарамға саналады. Үйге ит кірсе, сол үй қарам, періште жоламайды. Абу хурайра жеткізген мына хадисте: – «Ит және қоңыраулы топпен бірге періште жүрмейді» – деп, жеткізген. Сондықтан, ертедегі қазақтар иттің таза тұқымдары, төбет, тазы ғана ұстаған. Олар үйдің іші тұрғой үйдің есігінің алдына келмеген. Иесі шақырғанда келетін болған. Төбет деген, төбедей ит, түнде, ауыл күзетіп төбеде жүрген. Осы қылғы үшін, төбет атанған… Тазы ит, дегеніміз таза ит, осы иті ғана қазақ үй іргесіне жолатқан. Оның мәнін Аль –Бухари, Мүслим, Абу Хурайралар жеткізген: «Итті қорғанудан басқаға ұстағанның сауабы әр күні екі караттан кемиді» -деген хадис дәлел. Қоңырлаулы топ деген не.Қысқасы бүгінгі күнгі салдыр күлдір мән,мағна жоқ ән әуен, ұлап шулаған топтың жұлқынған биі. Жоғарыда жазғанымыздан қазақ бұл хадисті жақсы біліп, мықты ұстанғанын көреміз. Ал, қәзір не істеп жүрміз. Итті мойнымызға мінгізіп, қойнымызға алып жататын болдық. Баласызға бала, панасызға пана, серік болды. Итсіз тұра алматйн қалдегілер қаншама. Харамды, халалды айырудан қалдық… үйіңе періште жоламаса, сауабың кемісе, мұсылман болғанымыз, кімге керек. Халалға бой ұсыну ақыр заман болғанда тек өзімізге керек.. Қазақтың ойланатын, ой түйетін кезі өтіп барады… Кеш қалмайық….
Жетістіктің шыңы…
Әр адамның тағдырына жазылған жетістіктің шыңы болады. Оған әр адам әр қилы жетеді. Біреулер еңбек қорлығының арқасында. Кейбірі адамдардың қолдауымен. Кейбіреулер күндіз түні тынымсыз еңбек етіп, маңындағы тіршілікке зер салмай, тек өзі ісімен айналасу арқылы жетеді. Адамда машина сияқты, энергиямен қозғалады. Сол энергияның түгесілу шегі, сол адамның жетістікке жету шегі болып табылады. Осы шектің шанағында біреу жетістікке жетеді, біреу энэргиясы бітіп нәтижеден мақұрым қалады. Сондықтан, жетістік іздеген адам, айналасына дұрыс қарап, тіршіліктің нәрін, дүниенің дәмін жан жақты сезе білген жөн. Бұл айта берсе, көп салалы. Бизнестің шыңына жеткендер болады. Өзі бай, өзі құдай. Елден ерек. Ешкімді менсінбейді. Қоғамнан ажырайды. Елдің бәріне күдікпен қарайды. Айналаңа күдікпен қарау, дертке ұласады. Дерт басса сіздің тірлігіңіздің қайыры көк тиын. Біреу байлық қуса, біреу атақ, мансап, енді біреу білім, ғылым қуады. Осының бәрімен жүйелі түрде, айналыспасаң дүние бекер. Бай бол, жаңалық ашқан ғалым бол, аяалайтын ұрпағың, араласатын ағайын, дос жараның болмаса, ақшаныңда, атақтыңда құны көктиын. Бұны «Нәпсі» дейді. Нәпсі қуған, түптің түбінде нәпәқасыз қалады, деген қазақ.
Нәпсіні сайтан түртеді, асырайды, жетілдіреді. Шыңына жеткенде, сені шайтан масқаралап тастап кетеді. Сол, кезде саған жөн айтар, ара тұрар ешкім болмайды. Өйткені сен, адамдармен, айналаңмен араласқан жоқсың, шыңға жалғыз шықтың, енді жалғыз түсуің керек. Артыңда байлығыңа, ашқан ғылымыңа ие болатын, тәрбиелі ұрпағың болмаса, кімге керексің.
Түйін: А.Некрасовтың лекциясы тыңдаушыларға жақсы әс