17.3 C
New York

Қазақтың  ауылы «халқымның құты» еді

Published:

Тоқсаныншы жылдардан бермен қарай, қатты күйзеліске ұшыраған тек қана қазақ ауылдары, алдымен алаяқ компаниялар жерін алды, банкке кепілге салды, жұмысшылардың айлығын  төлемеді.

Ірі компанияларды басқарып отырған қалталы азаматтар ауыл, аудан, облыс басшыларына шындығын айту керек бағынбайды. Себебі «жеке бизнеске» моратория жарияланып қойған, қазақта сөз бар ғой «балталымен соттас, қалталымен соттас па» деген. Осы сөздің жаны- бар сөз!

Ақмола облысы бойынша, қазіргі таңда жер мәселесі үлкен мәселе болып тұр! Қай ауылға барсаңызда, әсіресе қазақ ауылдарының мәселесі өздерінін кезінде қалталыларға берген жерін ала-алмай жатыр. Заңды белден басқан ірі компания өкілдері халықтың келісімін алмастан, банктерге жерді кепілге қойып тастаған. Енді ол жерді қайтарып алу үшін, олардың қалтасынан қыруар қаржы кетеді. Халық сеңделіп қалды. Тіпті банктен тікелей сатып алып, халықтың малын жайғызбай, дікіңдеп отырған жекеменшік шаруалар да бар. Сонда не бұл, мемлекеттің басты байлығы халықты адам факторына қоспай, бір ғана адамның функционалдық рөлін арттырып үйдің ішінен үй  тігіп патшалық   құру ма!?

Бурабай ауданына қарасты «Есіл» ЖШС-нің бес ауылдың жерін банкке қойғаны жайлы биылғы көктем айынан бастап жазып жатырмыз. Барлық БАҚ-ы көрсетті. Мыңқ еткен ешкім жоқ.

Енді міне, «Журавлёвка 1» ЖШС-гі Көрнекті, Қарашілік ауылдарының жерін қайтармай отыр, қайтармақ  түгілі сан түрлі қулыққа басып тіпті халықтың арасына іріткі салып отыр.

«Халық қаласа» дейтін біздің билік өкілдерінін әзірге үнсіз отырғандығы таң қалдырып отыр. Мемлекетке жерді қайтардық деп барлық әлемжеліде  таралып жүрген ақпаратты көріп, жерін қайтарып алып отырған «қандай бақытты ауылдар екен?» деп ойлаймыз.

Күн өткен сайын жер мәселесіне қатысты даулар көбейіп, елді алдап тақырға отырғызып отырған фирмалардың былығы ашылуда. Бірақ, алаяқтығы үшін жазасын алып жатқан ешкім. Әр алаяқтың артында бір дөкей көкесі тұрғаны анық. Ал, сол ауылдағы қарапайым халық болса, тігерге тұяғы, ішерге тамағы таппай қиналуда. Сол себепті, ауылдағы ағайынды ұлардай шулатып, ұлтарақтай жерін тартып алып отырған фирмаларды тексеру керек. Әйтпесе, істің насырға шабар түрі бар.

Related articles

spot_img

Recent articles

spot_img