Жарты күн уақытым кетті «қысқы аяқ киім» іздеп. Баға күйіп тұр. Сатып тұрғандардың барлығы «шіреніп алған» аяқ киім іздеп жүрген тек қазақтар ғана.
Тәжіктердің дүкеніне кірдім. 16 мың теңгенін аяқ киімін көрсетіп тұр, аяқ киім сиқы жоқ, аяққа қолайсыз, оның үстіне мен ондайды кие алмаймын, екінші дүкенге бардым. Бәрі бағаны қарайды. Бір ағай баласына 35 мыңға алып, өзіне 9 500 -ге алып жатыр. Айтуға бата алмадым. Көп киіс бермейді деп. Аяқты тоңдырып терлетеді, бүлдіреді, сапасы өте нашар.
Өзімізде түк өндірмейміз не зауыт, не цех жоқ, сосын амалсыздан ресейлік, пекиндік арзан дүниелерді іздейміз. Француз аяқ киімі деп көрсетті, бағасы да тамаша, алайын деп ойладым да, жоқ дедім, тым жұқа екен, біздің жақтың аязына шыдауы екіталай. Ақыры үйінде «аяқ киім» тігетін орыстың азаматына бардым.
-Бүгін ғана тігіп шығардым бағасы 25 000 мың 500 түсіремін,-дейді, оның үстіне «бір жыл кепіл» жыртылып қалса, алып кел, жөндеп беремін,-деген соң алдым.
Неге бізде өзімізде ештеңе шықпайды. Қит етсе Ресей, Түрік, Пекин дейді. Жолы анасы -мынасы деп шіренеді, түкке тұрғысыз дүниелерге қаражат шашқанша, өзімізден елге керекті дүние шығарса ғой, бағасы да қалтаға икемді болмас па еді?
Қысқасы жарты күн уақытым базар аралап, дүкен жағалап жай кетті. Зауыт, фабрика салса дұрыс қой «туалетный бумага» шығара алмай отырып, дамып жатырмыз,-дейді. Не дамып жатыр, кімді дамытып жатыр? Аз -мұз түскен «налогты» айналдырып айранды ұрттап отыра береміз бе?
Осы 30_жыл ішінде не өндіріп, қандай өндіріс аштық!? Ойланатын екен. Ел ішінде зың қылып етік тіге алатын жігіттер бар, соларды жинап, зауыт аш, станогтарын әпер, уақыт бер, бізден де шетел «импорт» алсын. Бұны жоғарғы жаққа жеткізейік, бос сөзден -іске көшейік, посты бөлісейік. Намыстары оянар ма екен!?
Біз неге басқа мемлекеттін экономикасын көтеруіміз керек, өзіміздікі өрге шықпай жатқанда!