20.4 C
London
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023

Қауесет сөз жарға жығады

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

Халық алдында жергілікті әкімдердің есеп беру кездесуі басталды. Ауданнан шалғайда жатқан ауылдың бірі Веденов селолық округі. Әкімі Мақсат Имамбаев. Бүгінгі таңда Президенттін жарлығына сәйкес атқарушы билік өкілдері бұқара мен жиі кездесіп, ел ішіндегі шешілмеген өзекті мәселелерді талдап, мұң мен мұқтажына назар аударып керектігін өзінің кезекті жолдауында айтып, жарлыққа қол қойған болатын. Бурабай ауданында 11 ауылдық округ бар. Басқа аудандардан қарағанда шекаралық маштабы үлкен ауданның бірі.

Веденовка ауылы тоқырау жылдары өзінің ішкі инфрақұрылымына зақым келтірмеген ауылдың бірі болып саналады. Басқа ауылдардан қарағанда қарқынды дамуы бар, жақсы көрсеткіш айтарлықтай жетерлік. Жері де шұрайлы болғандықтан көктемде еккен егіннің күзде өнімі де жақсы. Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, аудан әкімінің орынбасары Бекахмет Махметов, бірқатар бөлім басшылары, аудандық прокуратура өкілі, Бурабай аудандық ішкі істер бөлімінің басшыларының қатысуымен Веденовка ауылында халық алдында кезекті есеп беру жиыны өтті.

Бұрынғыдай ұзынсонар баяндама жасап, жолға осыншама сома қаражат кетті, жарыққа мұншама қаражат дейтіндей ұзақ баяндама емес нақты диалогтік форматта өтті. Аудан әкімі аталмыш ауылға бөлінетін қаражат сомасын айтып, түсіндірді. Алдымен ауылдың ішкі жолын жөндеуді қолға алатындықтарын халықтың әл-ауқатын жақсарту керектігі жайлы пысықтап өтті.

Сонымен қатар ауылда мәдение ошағының жоқ екендігін, алдағы уақытта қаражат қарастырылып салынатындығын да айтып өтті. Бұл атқарылып жатқан игілікті жұмыстың барлығы жергілікті халықтың ертеңге деген сенімін нығайтып, уақыт талабымен ауыл халқының тұрақтылықпен өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталғанын айтып жеткізді.

Жиын барысында Веденов ауылының тұрғындарын мазалап жүрген сұрақ, өздерінің жалға беріп отырған жерлерін, осы ауылды ұстап тұрған Аргофирманың жетекші басшылары мен басдиректоры, халықтың жерін, әлдебір Банкке кепілге қойғандығы жайлы естігендерін айтып, мәселе көтерді. Жалпы агрофирманың пай үлесінін аз екендігін алға тартты.

Агрофирма «Веденовка» ЖШС-нің бас директоры Талғат Ескендіров жиналысқа арнайы келіпті. Өйткені, жергілікті халықтың арасында желдірме сөз, көп әңгіме, түрлі қауесет соңғы кезде гулеп жүрсе керек. Байсалды мінезі бар азамат. Ауыл халқына жердің меншікті иесі халық екендігін, өзі осы күнге дейін қандай қиындық көрсе де барлығына шыдап, ауылдың жерін сақтап, халықтың үмітін ақтауға тырысып келгендігін алға тартты.

«Жыл сайын баға шарықтап өсіп келе жатыр. Халыққа қолымыздан келгенше көмектесіп жатырмыз. Аянып жатқан жоқпыз. Тіпті маған сенбесеңіздер, міне біздің фирманың заңгерлері келіп отыр, тіпті анықтама қағазын көрсетейік. Қазақстан Республикасының Жер туралы заңының 79 бабында жер туралы анық жазылған, оның үстіне биылдан бастап, мемлекет халықтың жерін банкке кепілге қою туралы, арнайы баптар шығарып, пайдалана алмай қалған жағдайда, мүмкіндігі бар инвесторларға әрі қарай жұмыс істейтіндігі жайлы бізге толыққанды айтқан болатын-ды. Сондықтан біздің жетістігіміз, сіздердің жетістіктеріңіз, сіздердің жетістіктеріңіз, біздің жетістігіміз,-деп сөзін аяқтады.

Жергілікті халықтың тағы бір сауалы іргесіндегі өзеннің көктемде тасуы.

«Соңғы жылдары қара су қауіпсіз болып тұр, осыны қолға алсаңыздар,-деді аудан басшысына.

Аудан әкімі Әсет Мұздыбаев бұны күн тәртібінде ұстайтындығын айтып жеткізді. Есептік кездесуден кейін, ауыл тұрғындарының жеке сұрақтары бойынша аудан басшысы қабылдап, сауалдарына жауап берді.

Сауал жолданбады демек бәрі оңтайлы шешілген

Златополье ауылы тоғыз жолдың торабында тұрған ауылдың бірі. Округке Златополье, Савинка, Обалы, Түлкілі, Лесной Хутор ауылдары кіреді. Ауыл әкімі С. Сейпульдин. Әкімдердің кезекті есеп беру жиыны аталмыш ауылдың мектебінде өтті. Жиынды ашып жүргізген Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев осыдан үш ай бұрын, жергілікті халықпен кездескендігін айтып, тағы да кезекті есеп беру кездесуіне келіп отырғандығын алға тартты.

«Өткен жыл сіздердің ауылдарыңыз үшін, әсіресе округтарыңыз үшін жемісті жыл болды десек те болады. Өткен жылы спорттық ойын алаңдары салынып, округкке қарасты ауылдардың ішкі жолдары жөнделіп толыққанды күрделі жұмыстар атқарылды. Биылғы жылы ауылдарыңызға Мәдениет үйін саламыз деген жоспарда бар. Алдымен алдағы Мәжіліс сайлауында сайланатын депутаттар бөлінетін қаражатты есептеп қарап, Экономика министрінің шешімінен кейін инфрақұрылымды одан әрі дамытамыз.  «Бурабай 2007» ЖШС-ні жергілікті халықты жұмыспен қамтып отыр, жерден алатын пай үлестеріңізді толық алдыңыздар, барлығының есебін алып қарап отырмыз. Ауыл алаштың алтын бесігі, алдағы уақытта баяғы бойкүйездіктен арылып, елдің еңсесін көтеруге бағытталған түрлі бағдарламалар жұмыс істей бастайды. Соның ішінде ауылдық елді-мекенге арналған несие рәсімдеп пайыздық үлес аз, мүмкіндік болып жатса мал өсіріп, көкініс егіп, дәнді-дақылдарды өсіруге мүмкіндік туып тұр», – деді аудан әкімі Әсет Мұздыбаев.

Жиын барысында Златополье ауылының тұрғындарының тарапынан ешқандай сұрақтар жолданбады.  Демек, осы күнге дейін айтылып келген көкейтесті сауалдардың барлығының жауабы табылып, халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді деген зор сеніммен аттандық.

 

- Advertisement -spot_imgspot_img
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Серібайұлы Оспанов бұрынғы Фрунзе, қазіргі Абылай-хан ауылында қарапайым отбасында 1984 жылы 9 мамыр күні дүниеге келген. Орта мектепті тәмәмдап он тоғыз жасынан бастап "Бурабай" аудандық қоғамдық-саяси газетінде тілші болып қызметін бастаған. Қазіргі таңда "Бурабай" газетінің редакторы. Әңгімелері әр басылымдарда жарық көріп келе жатыр. Ақмола облысы әкімінің "Алғыс хаты" және әр түрлі байқауларда проза жанры бойынша жүлде алған. Өзекті тақырыптарда мәселе көтеріп жазып жүр. Көбіне тарих, ауылдағы ескі әңгімелерді жинақтап басылым беттеріне жариялайды.
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here