Кәшімов Мұxаммедсәлім Абдраxманұлы – ақын, этнограф, қазақтың тұңғыш журналисті. Жас кезінде әкесімен бірге Меккеге барып, «Галач қажы» атанды. «Үгіт», «Әдеп», «Сабақ», «Насиxат қазақия», «Ақыл» деген кітаптарының авторы. Әйел теңдігі тақырыбыңа «Мұңлы Мариям» атты роман жазды. 1935 жылы Омбы облысының жерінде дүние салады да, оның сүйегін Бурабайдағы ата-бабаларының ескі қорымына жерлейді. Руы Атығай Майлыбалта Сары.
Атақты жорналшымыздың бейіті осындай күйге түскен!
Өкінішті. Ұят! Бетке шіркеу.
Жаңа көріп, жаңа біліп ойланып отырмын. Мәліметті жас тарихшы бауырым һәм сенімді адам жіберіп отыр. Жайшылықта Бурабай кентінде тұратын орыс тілді бірер азамат билікке қарсы шығып, ортада көсіліп, осы Бурабайда Бәлен деген орыстың атақты ғалымының басына тұғыртас қою керек деп мәселе көтеріп жүргендер М. Кәшімовты білмей отыр ғой. Білсе де атамай отыр! Оларға қазақтың тарихы емес-басқаның танымы таңсық.
Руханият саласына үлес қосып қараниеттілердің берген уынан дүние салған ардақты бабамыз М. Кәшімовтың жаны пейіште болсын!
«Өлгеннен кейін еңбегің-ескерткішке, абройың- алтын күмбезге айналады» деген тәмсіл бар еді я болмаса атақты Шаһкәрім қажы атамыз «Көрінгенге көз сүзбей күнін көріп, Қазақ қашан ел болар, Құдайым-ай!» дегені ойыма оралып, ұйқым қашты.
Балталап жатса да, жемісімізді беріп, үнсіз отыра беретін ағаштай болдық.
Алаш баласының қадірлі азаматының басындағы белгі тасы осындай ағайын!
Көктем шыққан соң, Алла ғұмыр берсе алашым, тарихым, қазағым деген қалталы азаматтар М.Кәшімов атамыздың белгітасын жөндеп, ретке келтіріп берсе деймін.
Өлі разы болсын, тірі сонда көгереді.