20.4 C
London
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023

Арсыздық неге белең алып барады?

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

Соңғы бірер күнде әлеуметтік желілерде Таразда өзіне қол салған сарбаздың өліміне қатысты пікір көп айтылып жүр. Ол сарбаздың қайтыс болғанына бірнеше ай өтіп кеткен.  Оның  не себепті өлгені де жұмбақ күйінде қалып, жақын туыстарының жан айқайына ешкім құлақ аспай келген еді. Дегенмен,  осы іске қатысқан адвокат мәлімдеме жасап,  сот медициналық сараптамасында сарбаздың ішкиімінен еркектің шәхуаты белгісі табылғаны туралы айтуы, жұртшылық тарапынан үлкен пікір туғызды.

Таяуда ғана интернетте 30 жастағы азаматты 19 және 21 жастағы екі жігіттің зорлағаны туралы хабар таралған еді. Әлгі азаматты үйіне алдап шақырып алып, содан кейін 500 мың теңге ақша талап еткен  екеуі айтқанына келіспеген соң жабылып зорлаған. Осы оқиғамен қабаттас лифтіде бірінің ернін бірі жұлып алардай болып сүйіскен екі жігіттің бейнетүсірілімі жұртшылықтың қызу талқысына түсті.  Бұның бәрі соңғы кезде болған оқиғалар. Ал осындай арсыздықтарға байланысты оқиғалар еліміздің әр өңірінде және уақыт өткен сайын жиі көрініс беретін болды.  Неге бұлай, арсыздық неге көбейіп барады? Бұл  мәселе бүгінде барша қазақстандықтарды алаңдата бастады. Өйткені, зорлыққа қыз-келіншектерді, кәмелетке толмаған балаларды былай қойып, ересек ер азаматтар ұшырауда. Бұны енді шектен шыққандық демеске амалың жоқ.

Бұндай арсыздықтардың белең алуына сондай қылмыс жасағандарды жазалаудағы қылмыстық заңнамаларымыздың  өте әлжуаздығы мен құқық органдарының  ондай қылмыстарды ашуға құлықсыздығы себеп болып отырған жайы бар.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Жезқазғанда бес жастағы бүлдіршін қызды екі күн бойы зорлаған екі еркектің бірі асылып өлсе, екіншісіне 21 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  Бес жастағы сәбидің өміріне өшпестей қара дақ салған қылмыскерге 21 жыл абақты лайықты жаза ма?  Жалпы, біздегі осындай арсыздықтарға байланысты жаза  өте жұмсақ. Соны пайдаланған арсыздар сондай әрекеттерін  жыл санап көбейте түсуде.

Осыдан біраз жыл бұрын «Көкшетаудың маньягы» атанған Боқынов деген азаматтың сотына қатысқан едім. Ол бұрын да қыз-келіншектерді зорлағаны үшін екі рет сотталған. Қызығы сол, ол екі жолы да үлгілі тәртібі үшін мерзімінен бұрын босап шығыпты. Содан кейін баяғы әдетіне тағы басып, түн жамылып жеке келе жатқан қыз-келіншекетрді қорқытып зорлап, ойына келген арсыздықтарының бәрін жасаған. Оның зорлығына сол тұста  8 қыз-келіншек ұшырады. Олардың ішінде он екіде бір гүлі ашылмаған жас қыз да бар. Ал маньяк парнографиялық фильмдерде болатын жыныс жақындығының неше түрлі арсыздықтарын түгел жасаған.  Оны сот 19 жылға бас бостандығынан айырды. Сол тұста жасы 28-ге келген Боқынов 19 жыл толықтай түрмеде отырған жағдайда 47 жасында босап шығады екен. Ал 47 жас деген жер таянған кәрі жас емес. Бостандыққа шыққасын оның баяғыша тағы да әйелдерге, тіпті ер адамдарға зомбылық жасау мүмкіндігі өте жоғары.

Міне, біздің заңымыздың сыйқы осындай. Қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңдарымыз тоқсандағы бір тісі жоқ кемиек кемпір сияқты еш азусыз. Бұл заңдардың бәрі қарапайым халықты қорғау үшін емес, қылмыскерлердің мүддесі үшін жасалған сияқты. Мұндай азусыз заңдармен қылмысты ешқашан тыя алмасымыз дау туғызбас шындық. Заңды қатайту, әсіресе кәмелетке толмаған балаларды зорлауға қатысты заңдарды барынша қатайту жайында айтылып та, жазылып та келеді. Бірақ таскерең депутаттардың құлағына ол кірмей қойды. Соңғы жылдарда болған мына оқиғаларға назар аударып қараңыз.

Өткен жылы Түркістан облысында бір орта жастағы еркек екі мектепте оқитын ер баланы қираған иесіз үйге апарып зорлап, ойына келген арсыздықтың бәрін жасаған… Бірінші сыныпта оқитын ер баланы жоғары сыныпта оқитын бірнеше бала жабылып зорлаған және бір рет емес, осы оқиға белгілі болғанға дейін әлденеше рет зорлап келген…  Бірнеше жыл бұрын мектепте директор болып істейтін еркек өзінің мектепте оқитын ер баласын екі жыл бойы зорлап келгені анықталып,  сотталды…

Осылайша, еліміздің әр өңірінде болып жатқан  естір құлаққа ерсі арсыздықтар жайында тізбелеп айта беруге болады.  Егер бұл осылай жалғаса беретін болса, біраз жылдан соң Қазақстан гомосексуалдардың отанына айналуы бек мүмкін.

Құранда әйелді қойып, еркектермен жақындасауды әдетке айналдырған Лұт пайғамбардың азғындаған нәсілінің Алланың қаһарына ұшырап, жойылып кеткені туралы аят бар. Осыған қарап, Алла мұндай арсыздарды о дүниеде ғана емес, осы дүниеде де жазалап, сыбағасын беретінін аңғаруға болады.  Соңғы жылдарда елімізде болып жатқан түрлі апаттар мен бақытсыздық әкелген оқиғалардың астарында арсыздыққа салынған пендереріне деген Жаратқанның ескертуі жатқан жоқ па, екен? –деген ой келеді.

Иә, арсыздыққа белшеден батқан пенделерін Алла жазаламаса, адам жазалай алмайтын  сияқты.  Қазіргі еліміздегі орын алып жатқан жайларға қарап, осылай демеске лажың жоқ.

Қалкөз ЖҮСІП.

 

 

 

 

- Advertisement -spot_imgspot_img
Қалкөз Жүсіп
Қалкөз Жүсіп
Қалкөз Жүсіп ҚазМУ-дің тарих факультетін бітірген. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етті. Қима аудандық «Дала таңы» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Атбасар аудандық «Атбасар» газетінің» редакторы, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы болып еңбек етті. Сондай-ақ, республикалық «Заң газетінің» ұзақ жылдар Ақмола облысындағы меншікті тілшісі болды. Қазақстан ақпарат саласының үздігі, түрлі республикалық конкурстардың жеңімпазы.
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here