Облыс әкімдігінің мәліметінше, 2022 жылғы 9 қарашада сағат 04:00-те Аршалы ауданының аумағында негізгі электр энергиясымен қамтамасыз ету желісіндегі Астана қаласының ЖЭО-2 апатына байланысты фаза тоқтан ажыратылды.
Бұл жұмыстарға «Аршалы су – 2030» коммуналдық кәсіпорнынан 4 адамнан тұртаны 2 бригада жұмылдырылды.
«2022 жылдың 9-шы қарашасында сағат 21:00-де Жібек жолы ауылдық округінде 6 тереңдік сорғысының жұмысы қалпына келтірілді. Сағат 20:00-де резервуарларды толтыру жұмыстары қолға алынды. Халыққа су беру 2022 жылғы 10 қарашада таңғы сағат 05:00-де қайта жүзеге асырылды. Ал 11 қараша күні тағы 2 тереңдік сорғы орнатылды. Аршалы кентіндегі сорғы станцияларындағы ақаулар 2022 жылғы 09 қарашада сағат 12:00-де жойылды. Орталықтанған жылыту жүйесі сағат 13:00-де қалпына келтірілді», – деді ведомстводан.