20.4 C
London
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023

«АМАNАТ» партиясы: әрбір қазақстандықтың игілігі үшін еңбек ету!

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

«АМАNАТ» партиясынан Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына партиялық тізім бойынша үміткерлер көкшетаулықтармен кездесуін жалғастыруда.

Партиялықтар Көкшетау қаласының орталық базарында болып, жергілікті тұрғындармен және кәсіпкерлермен әңгімелесті. Азаматтарға облыстың сайлауалды бағдарламасы таныстырып,  қосымша ақпараты бар парақшалар таратылды.

Партилық тізім бойынша  үміткерлер Ыбырай Дуанбай, Наталья Нагачевская және Сұлтанбек Бекешев қала тұрғындарын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауыл шаруашылығы мен тұрғындарды жермен қамтамасыз етудегі өзекті мәселеге баса назар аударды.

Ақмола облысы еліміздің ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі үлесі 11,7 пайызды құрайтын негізгі ауыл шаруашылығы аймақтарының бірі болып табылады. Бүгінде облыс тұрғындарының 44 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Олардың негізгі табыс көзі – ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу.

Партиялықтар облыстың ауыл шаруашылығы саласын қолдап, дамытып, тұрғындардың табысын одан әрі арттыруға күш салатындықтарын жеткізді.

Жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу мәселесі де көтерілді. Ұсынылғандар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жедел қорын ұйымдастыруға бақылауды қамтамасыз етуге және бағаны ұстап тұруға көмектесуге уәде берді.

Көптеген сатушылар әңгімені ықыласпен тыңдап, р сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтты.

Тұрғындардың барлық тілектері мен пікірлерін партия өкілдері жазып алып, алдағы уақытта ескерілетін жеткізді.

Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «АМАNАТ» партиясының сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

 

- Advertisement -spot_imgspot_img
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here