-9.6 C
Kokshetau
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

Ақмолалық құтқарушылар Түркиядан елге оралды

Басты жаңалықАқмолалық құтқарушылар Түркиядан елге оралды

Түркиядағы жойқын жер сілкінісі аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысқан ақмолалық құтқарушылар үйлеріне аман-есен оралды, Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

ҚР ТЖ министрі Юрий Ильиннің бұйрығына сәйкес, 2023 жылғы 8 ақпанда 18 ақмолалық құтқарушы Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жоюға аттанған болатын. Құтқарушылар барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күштері 7 адамды құтқарды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды.

«Біздің жігіттер күндіз-түні зардап шеккендерді аман-есен алып шығуға, одан басқа барлық қажетті көмек көрсету бойынша көптеген жұмыстар атқарған. Сіздерге зор денсаулық тілеймін, жақсылықтарыңыз өздеріңізге және ұрпақтарыңызға еселеніп қайтсын», – деп атап өтті Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым.

Айта кетейік, Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына Астана және Алматы қалаларынан, сондай-ақ Қарағанды облысынан құтқарушылар қатысты. Түркия тұрғындарының тарапынан Қазақстандық құтқарушыларға кәсіби, уақтылы және нәтижелі іздестіру-құтқару жұмыстары үшін шын жүректен алғыс сөздері айтылды.

Сондай-ақ, оқыңыз...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Ұқсас мақалалар

Тегтер бойынша оқыңыз:

Көп оқылған мақалалар