«Учаске» алдын алу шарасы барысында Ақмола облысының полицейлері әрбір қару иесін, сондай-ақ полицияда әртүрлі есепте тұрған адамдарды қарудың заңсыз сақталу дерегін анықтау мақсатында тексереді.
Акция барысында Степногорск қ. ПБ учаскелік полиция инспекторы 37 жастағы жергілікті тұрғыннан «ИЖ» маркалы тіркелмеген тегіс ұңғылы қос ұңғылы мылтықты тауып алып тәркіледі. Ер адамның сөзінше, ол мылтықты балық аулау кезінде бір күн бұрын тауып алып, гаражында қалдырған.
Осы дерек бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, одан әрі тексеру жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.
Жалпы, жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 80 бірлік атыс қаруы тәркіленді, 734 бұзушылық анықталды. ЖПІШ шеңберінде қаруды сақтау ережелерінің 16 бұзушылығы және қаруды тіркеу мерзімдерін бұзудың 5 фактісі анықталды.
Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, атыс қаруын қолдану арқылы қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында полицейлер заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдар мен құрылғыларды ерікті түрде тапсыру әкімшілік және қылмыстық қудалаудан босататынын өңір тұрғындарына жеткізеді.