-8.7 C
Kokshetau
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

Ақмола облысында жоғалған жылқылардың өлексесі табылды

Өңірлер тынысыАқмола облысыАқмола облысында жоғалған жылқылардың өлексесі табылды

Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Ерейментау ауданының полиция бөліміне Ерейментау қаласының 54 жастағы тұрғыны хабарласып, қара және қара торы түсті екі жылқысының еркін жайылымнан жоғалған айтты.

Келтірілген залал сомасы 900 мың теңгені құрады. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 1-бөлігі «мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Мал иесі жоғалған жылқыларын басапқыда жылқыларын өзі іздеп көрген. Кейін одан нәтиже болмаған соң полициядан көмек сұраған.

Ерейментау аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жақын маңдағы елді мекендерді, қыстақтарды, шалғай учаскелерді, орман алқаптарын аралап шықты. Нәтижесінде Қоржынкөл көлінің маңында жоғалған жылқылардың өлекселері табылды.

Сондай-ақ, оқыңыз...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Ұқсас мақалалар

Тегтер бойынша оқыңыз:

Көп оқылған мақалалар