spot_img
More

    Ақмола облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

    Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 17 қазан күні сағат 02.00 шамасында Ақкөл қаласында орын алған. Алдын ала анықталған мәліметтер бойынша «Toyota Carina» автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай «Seat Alhambra» көлігімен соқтығысқан.

    «Жол апаты салдарынан «Toyota Carina» автокөліктің жүргізушісі, яғни Ақкөл аудандық полиция бөлімінің тергеушісі көз жұмып, екі жолаушысы зардап шекті. Ал «Seat Alhambra» автокөліктің жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Тек екі жолаушысы жарақат алды. Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді ведомстводан.

    Айта кетсек, жол-көлік оқиғасы қызметтен тыс уақытта, полиция қызметкерінің жеке автокөлігімен орын алған.

    Тақырып бойынша мақала

    spot_img

    Соңғы мақала

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз