Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде Аршалы АПБ-не елорданың 19 жастағы тұрғынының Жібек Жолы кентінің маңында белгісіз тұлғалар оған тиесілі «Toyota Land Cruiser-200» маркалы автокөлігіне зақым келтіргені туралы өтініші келіп түсті.
Оқиға орнына дереу келген жедел-тергеу тобы «Нұр-Сұлтан – Қарағанды» тас жолында белгісіз адамдар арасында жанжал туындағанын анықтады. Куәгерлердің айтуынша, қаскөйлердің бірі мылтықты алып, оқиғаға қатысушыларға бірнеше рет оқ атқан. Оқиға орнынан полиция атылған гильзалар, газ баллонын тәркіледі. Сараптама тағайындалды.
Жүргізілген тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ақмола облысы ПД криминалдық полиция басқармасының, Аршалы АПБ тергеу басқармасының және полиция бөлімінің қызметкерлері жоғарыда аталған қылмысты жасаған күдіктіні анықтап ұстады, ол бұған дейін ҚР ҚК 293-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Астана қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты.
Тінту іс-шаралары барысында күдіктіден заттай дәлелдер, атап айтқанда, «Наган» маркалы тапанша және оған 57 дана оқ тәркіленді.
Аршалы полиция бөлімі осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.