17.3 C
New York

Ақмола облысында медицина саласындағы бизнес субъектісінің құқықтары қорғалған

Published:

Ақмола облысында ЖШС 2022 жылы Жарқайың және Сандықтау аудандарының ауруханаларымен 3 млн теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу туралы шарт жасасты.

Өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін орындағанына қарамастан, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы аудандық ауруханалар ЖШС алдындағы берешектерін өтеуге асықпаған. Осыған байланысты, кәсіпорын өз қызметкерлеріне жалақы төлеуде, сондай-ақ салық міндеттемелері мен коммуналдық төлемдерді төлеуде қиындықтарға тап болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өкілдерінің қатысуымен өңірлік Кәсіпкерлер палатасының алаңында отырыс өткізілгеннен кейін аталған дау шешімін тапты.

Бірлескен жұмыстың арқасында медициналық ұйымдар ЖШС-ге дәрі-дәрмектерді, медициналық препараттарды жеткізгені және көрсетілген медициналық қызметтер үшін толық көлемде төлем жүргізді.

Related articles

spot_img

Recent articles

spot_img