Биылғы жылғы қарашаның 29-да Астрахан ауданы ПБ кезекші бөліміне Жалтыр ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болып, адамдар зардап шеккендігі туралы хабарланды.
«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Анықталғандай, «Екатеринбор-Алматы»» автожолының 1105 шақырымында «Газель» автокөлігін басқарған Қостанай облысының 29 жастағы тұрғыны жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Маз» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан «Газель» жолдың шетіндегі жыраға аударылды, жүргізушісі алған дене жарақатынан сол жерде көз жұмды. Ал, «Маз» көлігінің жүргізушісі 52 жастағы қостанайлық пен жолаушысы Астрахан аудандық ауруханасына жеткізілді», – деді ведомстводан.
Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі «абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.