spot_imgspot_img

Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардан 60-тан астам адам құтқарылды

Date:

Ақмола облысының автожолдарында күрделі жағдай сақталуда. Қарлы боран салдарынан облыс бойынша 13 Республикалық маңызы бар және 23 облыстық маңызы бар жолдар жабылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ауа-райының нашарлауына байланысты 2023 жылғы 03 қаңтарда облыс жолдарында күрделі жағдай қалыптасқан. Республикалық маңызы бар бекеттер мен автожолдар блогынан ТЖ департаменті полиция қызметімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жылыту пункттеріне 65 адамды эвакуациялады, оның ішінде 5 бала бұл Атбасар, Жақсы және Целиноград аудандарында.

Сондай-ақ, ТЖД күшімен техникалық ақаулы жеңіл автокөліктен Ерейментау қаласындағы тұрғылықты жері бойынша төрт адам құтқарылып, жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Құтқарылғандар ішінде жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Облыс аумағында ағымдағы жылдың 03-04 қаңтарда Ақмола облысының басым бөлігінде боран болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соққан жел түнде облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с», – деп атап өтті брифинг барысында Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым.

Ақмола облысының ТЖД азаматтарға ауа райын бақылап, құбылмалылығына назар аудару қажеттігін еске салады. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.