spot_img
More

    Ақмола облысында 98 жастағы соғыс ардагері дауыс берді

    Бүгін елімізде ҚР Президентінің сайлауы өтіп жатыр. Осыған орай Ақмола облысында сайлауға қатысушылардың дауыс беру науқаны қызу жүруде.

    Еліміз үшін маңызы зор саяси науқанға атсалысуға тілек білдіргендер қатарында Қосшы қаласының 98 жастағы тұрғыны, соғыс ардагері Нұрқасым Әжітаев те бар. Бар ғұмырын елдің игіліне арнаған соғыс ардагері өзі тіркелген №745 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

    «Жасым жүзді алқымдаса да еліміздің азаматы ретінде саяси науқаннан шет қалуды жөн көрмедім. Өйткені, осы сайлау арқылы мемлекетіміздің және өскелең ұрпағымыздың келешегін қалыптастыруға үлес қосамыз», – деді ардагер.

    Ақмола облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 16:00 жағдай бойынша өңірде келушілер саны- 71,38 пайызды құрады.

    Тақырып бойынша мақала

    spot_img

    Соңғы мақала

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз