-8.7 C
Kokshetau
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

Ақмола облысына ірі көлемде есірткі жеткізген күдікті ұсталды

ОқиғаҚылмысАқмола облысына ірі көлемде есірткі жеткізген күдікті ұсталды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Аршалы ауданының Жібек Жолы кентіндегі өткізу терминалында арнайы операция жүргізілді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ақпараты бойынша, елорданың 43 жастағы тұрғыны біраз уақыттан бері Ақмола өңірінің аумағына есірткі заттарын жеткізумен айналысқан. Оны растау үшін жедел уәкілдер алдын ала бірқатар арнайы іс-шаралар өткізді, сонымен қатар шикізатты дилердің республиканың оңтүстік аймағынан әкелгенін анықтады.

Күдікті жолаушы ретінде отырған «Chevrolet Cobalt» автокөлігін тінту кезінде полицейлер салон ішінен, орындықтардың астынан екі полиэтилен орамасын тапты. Оның ішінде тағы үш полиэтилен және төрт қағаз орамасы болды. Марихуананың жалпы салмағы 1,5 келіден асады. Қызметтік иттер есірткінің иісін сезбесін деп, күдікті марихуана пакеттеріне қышқыл майонез жағып қойғаны белгілі болды.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеп-тексеру кезінде елордалық тұрғын қамауға алынды.

Сондай-ақ, оқыңыз...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Ұқсас мақалалар

Тегтер бойынша оқыңыз:

Көп оқылған мақалалар