spot_img
More

    Ақмола облысы бойынша Антикор құрылыс компаниясының құқығын қорғады

    Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне Көкшетаудағы тұрғын үй кешенін салу кезінде бюрократиялық кідірістерге тап болған ЖШС директоры жүгінді.

    Белгілі болғандай, компания өз қаражаты есебінен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірледі. Жобаға сәйкес 5 қабатты кеңсе ғимаратын салу жоспарланған болатын, бірақ белгілі бір жағдайларға байланысты құрылыс салушы ғимаратты 9 қабатты тұрғын үй ретінде қайта жобалады.

    Кәсіпорын енгізілген түзетулерді бекіту үшін қалалық әкімдікке жүгінді, алайда шенеуніктер жоспарға енгізілген өзгерістерді келісуге асықпады.

    Департаменттің жедел араласуынан және жергілікті атқарушы органдардың келісілген әрекеттерінен кейін аталған проблемалық мәселе шешімін тапты. Кәсіпкер құрылыстың келесі кезеңіне өте алды.

    Тақырып бойынша мақала

    spot_img

    Соңғы мақала

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз