Ақмола облыстық сотында татыластырушы судьялар үшін медиаторлар мен психологтардың қатысуымен «Сот медиацияның дамуы мен оның мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов семинар-тренингке қатысушыларына арналған кіріспе сөзінде медиацияның әрі қарай дамуы үшін татуластырушы судьяларға әдістеме, медиатор мен психологтың кәсіпқойлық тәжірибесі қажет екендігін атап өтті.
«Бүгінгі кездесу өзара ынтымақтастық пен бірлескен іс-шараларды айқындау мақсатында жүргізіледі», – деді сот төрағасы.
Семинарда Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Дариға Оспанова кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты даулар бойынша медиация өткізудің ерекшіліктері, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Азамат Аймұхамедов экономикалық даулар бойынша бітістіру рәсімдерді өткізу, Көкшетау қалалық сотының төрағасы Қазбек Дегенбаев сот медиациясын өткізу, «ASKEZA» консультативтік-психологиялық орталығының психологы Евгения Ким медиаторлар жұмысының психологиялық ерекшіліктері, Халықаралық медиация орталығының медиаторы Гүлмира Ойнарова психология тұрғысынан медиация, «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау Орталығының психологы Көгершін Сейітқажина қарым-қатынастар мен психикалық жағдайды қалпына келтіру үшін психологиялық көмек туралы сөз сөйледі.
Іс-шараға қатысушылар сөз сөйлеушілердің баяндамаларын талқылап, қорытынды жасады.
Психологтар татуластырушы судья мен медиатор психолог болып, тараптар ретінде сезінуге, көруге және түсінуге тиісті екендігін атап өтті, судья мен медиатордың жұмысын психолог тұрғысынан түсіндірді.
Медиаторлар соттың ынтамасымен мектептерде құрылған татуласу бөлмелерін қолдап, барлық білім беру мекемелерінде медиацияны қолдануды ұсынды және медиативтік келісімнің мәртебесін талқылады.
Семинар-тренингтің жұмысын қорыта келе, қатысушылар бірлескен жұмыс үшін ұсынымдар мен бағыттарды әзірледі: судьялар мен медиаторларға жалпы білім беретін мекемелерге барып, психологтармен өзара қарым-қатынас орнатып, тұрақты негізде тренинг өткізу жөнінде ынтамақтастық жасап, бітістіру рәсімдерді кеңінен насихаттауды ұсынылды.
Татуластырушы судьялар мен медиаторлардың кәсіпқойлығы қоғамдағы даулылық деңгейін төмендетуге септігін тигізеді.
Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі.