Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен кәсіби мерекелерінің тізбесіне өзгерістер енгізілгеннен кейін қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлердің кәсіби мерекесі тұрақты түрде атала бастады. Әлеуметтік қызмет мемлекеттік мәселелерінің ең маңыздысын жүзеге асырады, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға қамқорлық көрсету, жәрдемдесу ең басты фунцияларының бірі. Өйткені, қоғамымыздың, өміріміздің тұрақтылығы мен әл-ауқаты көп жағдайда халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейіне, әлеуметтік кепілдіктерге байланысты.
Қазақстанда егеменді даму жылдарында негізгі мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың, міндетті әлеуметтік сақтандырудың, жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандырудың және әлеуметтік көмектің оңтайлы бөлінуімен үйлесімде қалыптасқан халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі ұлттық моделі құрылды.
Бұл ретте ел тұрақты дамуының ұзақ мерзімді басты басымдығы тәуелділікті болдырмайтын тиімділікке негізделген халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту арқылы қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын нығайту болып табылады.
Мемлекет азаматтарымыздың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуге, құқықтарын қорғауға, заңдылықты нығайтуға, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге міндетті.
Осы аталған мақсаттың еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті және дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, сондай-ақ жұмыс берушілермен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін объектілерді бейімдеу және оларды жұмысқа орналастыру бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар кешені маңызды бөліктері болып табылады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелер жөніндегі жұмыстың жүргізу нәтижесінде аудан бойынша жалпы жұмыссыздар – 4,8 %, тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 0,3 %.
Жылдың басынан жүгіндердің санынан (1359 адам) – 1131 адам жұмысқа орналастырылды, бұл 83,2% құрайды, олардан тұрақты жұмыс орындарына орналасқан 928 адам. Ағымдағы жылдың 9 айында экономиканың түрлі салаларында 1335 жаңа жұмыс орны ашылды, бұл 86,4% құрайды. Жылдық көрсеткіш – 1546 жаңа жұмыс орны, оның 770 -ы тұрақты.
Әлеуметтік көмек бойынша аз қамтылған 203 отбасыға 900 адамға 63 миллион 249,0 мың теңгеге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді; 112,7 мың теңге сомасында тұрғын үй көмегі тағайындалды және төленді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес оңтайландыруға және автоматтандыруға бағытталған, ҰОС ардагерлерімен және мүгедектерімен, тыл еңбеккерлерімен және халықтың әлеуметтік осал санаттарымен күнделікті жұмыс жүргізілуде. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға, ҰОС қатысушыларына теңестірілген және ҰОС мүгедектігі бар адамдарға және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген басқа да категорияларға 19 млн 195,1 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді. Қиын өмірлік жағдайға байланысты онкологиялық науқастар үшін әлеуметтік көмек – 7984,4 мың теңге, туберкулезбен ауратындарға – 3631,4 мың теңге, өрттен зардап шеккен отбасылар үшін – 851,6 мың теңге, бас бостандығынан айыру орнынан босатылған адамдар үшін 1459,4 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Осы жұмыстың негізгі қалауында біздің назарымызды және сезімталдығымызды қажет ететін шын адамдар тұр.
Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігімен 2030 жылға дейінгі әлеуметтік дамудың жаңа тұжырымдасы әзірленді, онда 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында әлеуметтік қолайсыздықтың алдын алуына бағытталған әлеуметтік қызметтерді ұсынудың интеграцияланған моделі құрылады.
Жаңа модель шеңберінде аз қамтылған азаматтар мен олардың отбасыларына жеке және жан-жақты қамқорлық принципі енгізілетін болады. Осы мақсатта білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және басқа да салалардағы әлеуметтік қызметкерлердің қызметін үйлестіру механизмі әзірленетін болады, бұл мұқтаж азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетілуіне мүмкіндік береді.
Интеграцияланған модельдің енгізілуі әлеуметтік қызметтер кешенін, көмек түрлерін, аз қамтылған отбасыларды осындай қолдау шараларына қамтуды кеңейтеді, нәтижесінде кедейшілік пен әлеуметтік қиындықтарды азайтады, отбасының институтын нығайтады. Осы әлеуметтік қолдау шараларының барлығын жүзеге асыруға байланысты 2022 жылы кедейлік деңгейі 2021 жылмен салыстырғанда 0,4% төмендеді және 0,9% құрайды.
Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде қарт адамдар мен мүгедектерге, балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға үйде әлеуметтік көмек көрсететін бес бөлімше (меңгерушілері – Арестова Л.И., әлеуметтік саладағы өтілі 20 жылдан астам, Л.С. Кангожина, әлеуметтік саладағы өтілі 10 жылдан астам, Коваленко Т.А., әлеуметтік саладағы өтілі 25 жылдан астам, К.С. Капбасова, әлеуметтік саладағы өтілі 5 жылдан астам, Е.А. Пономаренко, әлеуметтік саладағы өтілі 20 жылдан астам) қызмет атқарады. Әлеуметтік қызметкердің негізгі міндеті – қиын жағдайға душар болғандарға, қарт және егде жастағыларға, мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға мен басқа да көмекке мұқтаж азаматтарға күнделікті көмек көрсету.
Әлеуметтік қызметкер – ол адам өмірінде қиындықтың ең басында көмекке келетін және оны шамасына қарай шешуге көмектесетін адам. Әлеуметтік саланың қызметкері осындай адамдардың денсаулығына ғана емес, өмірлері үшін де жауапты. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде 433 арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар қызмет алуда, оның ішінде жасы бойынша зейнеткерлер – 332 адам, 1-2 топтағы мүгедектер – 16 адам, психоневрологиялық ауруы бар балалар – 9 бала, ТҚА бұзылған – 16 бала, 18 жастан психоневрологиялық ауруы бар тұлғалар – 20 адам.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шеңберінде Щучинск қ. аумағында «Үміт» тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының әлеуметтік қолдау орталығы жұмыс атқауда, мұнда 34 қызмет алушылар тұруда (2022 жылдың басынан бастап); ҮЕҰ арқылы құрылған «Забота» жартылай стационарда 17 зейнеткерлерге, «Мейірім Бурабай» жартылай стационарда мүмкіндігі шектеулі 19 балаға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
Одан басқа әлеуметтік әріптестік сұрақтары жөніндегі үшжақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қарым-қатынастарын реттеу комиссиясының деңгейінде аудан және қала мекемелерінде еңбек заңнамасын сақтау, «нөлдік жарақат» жөніндегі меморандумдар, ұжымдық шарттарды бекіту бойынша сұрақтар қаралуы үнемі бөлім бақылауының назарында.
Бөлім жұмыс берушілерді қатыстырып жыл сайын «Парыз» республикалық байқауының ұйымдастыру шараларына қатысады. Биыл бұл байқауға «Мясокомбинат» (директор Косолапова Ю.Н.), RG «Gold» ЖШС «Ең үздік ұжымдық шарт» номинациясына қатыспақшы.
2019 жылдың тамызында Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі біздің бөлімге қосылды, неке, тууды тіркеу, әкені тіркеу және бала асырап алуды тіркеу, атын, әкесінің атын мен тегін өзгерту, қайтыс болуды тіркеу, азаматтық хал актісін қалпына келтіру және жою, т.б. тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетумен айналысады.
Г.А. Беляшова 20 жылдан астам уақыт бойы осы бөлімді басқарды, қазіргі кезде зейнеттік демалысқа шықты. Білікті мамандар Колесникова М.В., Рахматуллина А.С., Мельник Н.А., Кушнаренко Л.Б., гулянская А.И. еңбек жолын осы салада жалғастыруда.
Бөлімнің жұмысы туралы айта отырып, онда қызмет жасайтын адамдарды айтпай кету әділетсіздік болар. Аудан тұрғындарының құрметіне ие болған әлеуметтік қызметкерлер – Н. Шестаева, Л.Иванова, А.Кульгожинова, А.Жетпісова, К.Демидова, А.Шашкенова, А. Мухаметжанова, З. Жангуатова, Н.Занина, Н.Шавкунтаева, М.Нұрпеисова, Е. Иванова, Е.Бабич, Л.Ярыныч, А. Аникина, В. Мамавка, А. Ибраева, Л. Фризен, Г.Доценко, С.Кудряшова, Н.Триппель, В.Кочеткова, Е. Кудрявцева, Е. Ваховская, Т. Алексеенко, Р. Қайдарова, Г.Смайлова, С. Жукова, М. Күлгожинова.
Өзінің міндетіне аса үлкен жауапкершілікпен қарайтын қызметкерлеріміз: басшының орынбасары Е.Падалко, сектор меңгерушілері – Н. Шестибрат, Е. Михайлова, Д.Кудеринов; үйде көмек көрсету бөлімшелерінің меңгерушілері – Л.Арестова, Л.С.Кангожина, Т.Коваленко, К.С. Капбасова, Е.Пономаренко. Тиянақты, кәсиби тұрғыда А. Жолдыбаева, Г.Әсенова, Г. Штарк, С.Волынец, И.Геков жоғары деңгейде қызметтерін атқарады, және жас мамандар М.Қапажанова, Ю.Гутник, Б.Баймұрзин жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды.
Әлеуметтік қорғау саласына өмірін арнаған қазіргі кезде зейнеткерлік демалыста жүрген А. Сапаровқа, С. Анискинаға алғысымызды білдіреміз. Әлеуметтік қорғау жүйесінде көп жыл еңбек еткен Г.Н Захарова, Қ.Р.Лұқпанова, Н.Е.Наурызбаева, Р.Д.Бимурзина, К.Б.Иманқұлова, Т.К. Гекова, Сосновская Ф.С., сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер В.К. Арнольд, Р.В. Шаяхметова, Р.К. Фаттахова, Ю.Д. Токмолдина, В.А.Ганичева.
2011 жылдың шілде айынан бастап «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (директоры Ж. Айтмағамбетова) жұмыс істейді. Орталықтың негізгі мақсаты – «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, бұған үш бағыт және басқа да міндеттер жүктелген. Бағдарламаның төрт бағыты шеңберінде Жұмыспен қамту орталығы 1279 адамды қамтыды, олардан 32 адам әлеуметтік жұмыс орнына орналасты, Ұрпақтар келісімшарты – 1, 38 адам жастар тәжірибесіне жіберілді, 109 адам қоғамдық жұмыстарына жіберілді, 6 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналасты. Қысқа мерзімдегі курстарында оқытылған – 30 адам, олардан 24 адам жұмыспен қамтылды, 1 адам өз кәсібін ашты. 2022 жылдың басынан бастап 16 944, 7 мың теңге сомасында 15 грант берілді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтың мамандары К.А.Мұқанова, Оспанова Л.Ж., Е.Г. Махамбетов, Р.К.Бейсенбай, А.Л.Гаврилов, Ш.М. Бримжанова, Г.К. Биятова, М.С. Жүсіпова, Ю.О. Дидык және ауылдық округтерде ассистенттер Дыркова Ю.М., Маханькова В.И., Исмағанбетова А.А., Андросова И.П., Мұрзатаева Ж.К., Ламбай Е., Тұймаков Ж.Г., А.А. Әлімғожин, М.С. Мұқанова, А.Я. Олейник, Г.Ш. Веремей, А.Т.Құдысбек мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін нақты және кәсіби түрде жұмыс атқаруда.
Бөлімнің техникалық жұмысшылары, сондай-ақ көлік жүргізушісі Ю.М. Компанцев, аянбай еңбек етіп өз үлестерін қосып жүр.
Біздің барлық күш-жігеріміз, ең алдымен, қоғамымыздың қажеттіліктеріне сәйкес келетін және қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға бағытталған. Осы мақсатта біз күш-қуатымызды аямай, әлеуметтік қолдауды қажет ететіндерге жүрегіміздің жылулығы мен мейірімділікті сыйлай отыра, барлығын жасаймыз.
Әріптестерді осы мерекемен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз адамдардың қорғалуының қиын, бірақ асыл еңбектеріңізде табыс, бақыт пен әл-ауқат тілеймін!
Қарт адамдар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік қолдау айлығының өткізілуіне байланысты үлкен ағаларымыз бен әжелерге адал еңбегі, тәжірибесі, мейірімі мен даналығы үшін алғысымды білдіремін, денсаулық, ұзақ жылдар бойы қуанышты және бейбіт өмір, амандық пен тұрақтылық, әр адамның жылулығы мен қамқорлығына ие болуына тілектеспін.
Қ. Қожағұлов,
«Бурабай ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ басшысы.